Еңсе тіктеп қазақтығым, елдігім
Тәуелсізбін деп айтатын келді күн.
Бүкіл қазақ жаза алмай жүр қазірде,
Бір Абайдың жазып кеткен игі ісін.
Қара сөзі, қара өлеңі – қарымды,
Толғады Абай мұңым менен зарымды,
Абай сынды данасы бар халықтың,
Ұл-қызы да болу керек дарынды.
Бүгін 16 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Д.Шамұратовтың қатынасуымен дарынды балалардың «Дарынды балаға – даңғыл жол» атты аудандық слеті өтті.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын атап айтқан болатын.
Осы орайда ауданның білім беру ұйымдарының дарынды оқушылары ОЛИМПИАДА, ҒЫЛЫМИ ЖОБА, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЛАР- ОҚУЛАР, АЙТЫС, СПОРТ, ӨНЕР бағыттары бойынша марапатталды.
Дарынды шәкірттердің томағасын сыпырып, қыран құстай баптап, бәйгеге қосып отырған ұлағатты ұстаздарға шығармашылық шабыт, биік белестер тілейміз.
Көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің жастары білімді, болашағы жарқын болғай!
https://inderoo.kz/is-sharalar/247-daryndy-o-ushylar-marapattaldy.html#sigFreeIdbce15fec7f