МЕКТЕП ПСИХОЛОГТАРЫ БАС ҚОСТЫ
2022 жылдың 14 желтоқсан күні “Жыныстық қол сұғылмаушылық. Балалардың жыныстық тәрбиесіне қажетті психологиялық және педагогикалық дағдылар" тақырыбында мектеп психологтарының қатынасуымен аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: мектеп оқушыларына адамгершілік және жыныстық тәрбие беру мәселелерінде мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу.
Семинар барысында спикерлер “Қазіргі таңдағы жасөспірім бейнесі”, “Есеюге деген қадамдар”, “Жыныстық тәрбие жабық тақырып болмауы тиіс”, “Қыз балаларға жүргізілетін диагностикалық жұмыстар” тақырыптарында жасөспірімдермен жыныстық тәрбиені жүргізу жұмыстарымен бөлісті.
Семинар соңында тәжірибесімен бөліскен педагог-психологтар аудандық білім бөлімінің Атлғыс хаттарымен марапатталды.
https://inderoo.kz/is-sharalar/251-mektep-psikhologtary-bas-osty.html#sigFreeIdd784a13d0a