«Үздік педагог-2022» республикалық конкурсының І кезеңі (аудандық)

        

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 8 сәуір мен 26 сәуір аралығында «Үздік педагог-2022» республикалық конкурсының І кезеңі (аудандық) өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы                 23 сәуірдегі № 157 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

- білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;

- жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;

- электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;

         - оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);

         - эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.

          - Техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик (Қағиданың 3-қосымшасында көрсетілген).

Конкурстық материалдың толық құжаттар пакеті 2022 жылдың 22 сәуірге дейін ұсынылады.