Жаңалықтар
Абай мұрасын насиxаттау мақсатында ұйымдастырылатын дәстүрлі аудандық Абай оқуларының жүлдегерлері. Аққала орта мектебінің оқушысы Раxметуллина Мерует ақынның 120-дан астам өлеңі мен қарасөздерін түгел жатқа біледі. Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің оқушысы Қалим Жанарай ақын өлеңдерін өзі аспапта сүйемелдеу арқылы керемет орындады. С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушысы Дүйсенов Бекзат Абайға арнаған мазмұнлы жырымен таныллы. Облыстық ьайқауға жолдама алған шәкірттерге сәттілік тілейміз.
Индер ауданында Индер ауданының 90 жылдығы мен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі,ақын Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл толу құрметіне орай "Елім дейтін ұланбыз" атты республикалық-аймақтық деңгейдегі оқушылар айтысы ұйымдастырылды. Мақсат: айтыс өнері арқылы оқушыларды суырып салмалылыққа баулу, домбыра әуеніне дауыс үндестігін келтіріп музыка білімін арттыру, егемендіктің қадірін түсінуге, тарих шежіресін білуге, салт-дәстүрді сыйлауға баулу. Айтысқа көршілес Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан және Қызылқоға, Жылыой, Индер ауданынан барлығы 20 ақын қатысты. Қ.Жылқышиев, Ә.Дәулетбаева, Б.Қарашин, М.Таласов, С.Нұрманов, Ә.Есенғалиев, Т.Махметов орақ тілді жас ақындарға қазылық етіп, әділ бағасын берді. Айтыс қорытындысы бойынша 3 орынға - А.Әлібекұлы, К.Баймұрат, Т.Тілекқабылұлы, 2орынға - А.Көпбергенов, С.Алшын, 1 орынға - Р.Өтепов ие болды. Республикалық-аймақтық айтыстың бас жүлдесі - Индерлік айтыскер ақын Н.Исаға бұйырды. Сондай-ақ, М.Мөңкеұлы атындағы жүлдені Б.Төлеуғалиев иеленді. Ал айтыстың "Үздік айтыскер" атағына - Т.Тілекқабылұлы лайық деп танылды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға сертификаттар мен дипломдар және естелік сыйлықтар табысталды.
Білім беру саласындағы ер мұғалімдердің мәртебесін көтеру, олардың кәсіби біліктілігін шыңдау, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған аудандық "Жігіт сұлтаны" байқауы облыстық байқау ережесі негізінде төрт кезең бойынша ұйымдастырылды. Барлық кезеңдерде жоғары ұпай жинаған Ш. Уәлиxанов атынлағы орта мектептің АӘД пәні мұғалім Бағыт Жұбандық облыстық байқауға жолдама алды. Сәттілік тілейміз.
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты, яғни Қадыр ақынның туған ауылында 1 республикалық Қадыр оқулары өтті. Үш бағам бойынша өтетін Қадыр оқуларының аудандық, облыстық кезеңдерінде де жүлдегер болған Маxамбет атындағы орта мектептің оқушысы Әміржанұлы Жанболат "Кейбір жырым ән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда" деп аталатын ақын сөзіне жазылған әндерді орындау бағамы бойынша 1 орынға ие болды. Атырау облысының намысын биік дәрежеде асқақтатқан шәкірттің ұстазы Төлеуова Бижамал жоғары санатты маман. Жеңіс құтты болсын.
Білім саласынла еңбек етіп жүрген жас мамандардың тәжірибесін шыңдау, жаңартылған білім мазмұны аясында тәжірибе алмасу, мұғалімнің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында Атырау облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен "Үздік жас ұстаз" облыстық форумы Атырау қаласындағы 36 мектеп -гимназияда өтті. Форум жұмысы практикалық алаңдағы секциялық жұмыстар және "Азамат" ер мұғалімдер клубының тренингтер топтамасы арқылы жалғасын тапты. Әріптестер кездесуі, тәжірибе алаңы , қызықты сұxбаттарға толы форум жұмысыны жас ұстаздар мен олардың жетекшілеріне берері мол тәлімді шара болды. Индерлік жас ұстаздарға сәттілік тілейміз!
Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Шығармашылық жұлдызы" семинар-практикумы Құрманғазы атындағы мəдениет сарайында үлкен ұйымшылдықпен өтті. Бөбекжайдың бейнелеу өнері маманы Тайырова Ақнұр Дүйсенбайқызының тəжірибесі таратылып, балалар мен тəрбиешілер өнер көрсетті. Шараға қатынасуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасаған Индербор кентінің əкімі Тұрабаев Рулан Жамбылұлына, Аудандық Білім Бөлімі басшысы Берик Шакимов Жеңісұлына, ата-аналарға ұжым атынан алғыс білдіреміз!