Жаңалықтар

Атырау облысы жалпы білім беру ұйымдарында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибесін тарату жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің бүгінгі отырысы "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында өтті.

9 ақпан күні «Қысқы олимпиадаға қатынасатын Қазақстан спортшыларын қолдау мақсатында» өткен аудандық шаңғы жарысына Индер ауданының жалпы білім беретін мектептерінен 145 оқушы қатынасты. Жарыс қорытындысы бойынша Махамбет атындағы орта мектеп оқушылары жеңімпаз танылса, Оқушылар шығармашылық орталығы мен Жамбыл атындағы орта мектеп оқушылары жүлделі ІІ, ІІІ орындарды қанжығаларына байлады. Қазақстандық спортшыларға байрақты бәсекеде тек қана Жеңіс тілейміз!

Индер аудандық біім бөлімінің ұйымдастыруымен 8 ақпан күні аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің базасында «Болашаққа білімді дені сау ұрпақ» ұранымен 1-10 сынып оқушылары арасында спорттық-интеллектуалдық эстафета ойындарының І кезеңі өтті. Ойын қорытындысы бойынша «Көктем» қазақ орта мектебі, Ш.Уәлиханов, Жамбыл атындағы және Гребенщик орта мектептерінің командалары ақтық ойынға жолдама алды.

"Сапалы сабақ - сапалы білім үшін" тақырыбымен Индер ауданы жалпы орта білім беретін мектептерінде онкүндік өтіп, мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларының ХІ сыныптардың сабағына қатысы ұйымдастырылды.

Жаңартылған білім беру бағдарламасымен білім алатын сыныптарға сабақ беретін ұстаздарға әдістемелік, тәжірибелік, моральдық, әріптестік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын шаралар жоспар бойынша жалғасуда.

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарламамен білім алатын сыныптарда сабақ беретін ұстаздарға әдістемелік қолдау, ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ жасаудың ерекшеліктері, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын әзірлеуде практикалық көмек көрсету, тәжірибе алаңында еркін пікір алмасу мақсатындағы "Критериалды бағалау - оқу жетістігінің өлшемі" тақырыбындағы аудандық талдау семинары "Азия" тобындағы мектептер үшін 2018 жылдың 25 қаңтары күні М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылды.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін ұстаздарға әдістемелік, психологиялық, моральдық, тәжірибелік көмек өте қажет. Осы тұрғыдағы жұмыстарды ұйымдастыруда мектеп тренерлері мен координаторлары ауқымды шаралар жүргізуде.