Жаңалықтар

Аудандық әдістемелік апталық 2018 жылдың 22 қаңтарында М.Сиранов атындағы орта мектеп базасында химия-биология пәні мұғалімдері үшін ұйымдастырылған "Білім алушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы ынтымақтастық" тақырыбындағы практикалық семинармен жалғасты. Бағдарламаға сәйкес ХІ сыныпта М.Сиранов атындағы орта мектеп мұғалімі Р.Баймұхатова мен Махамбет атындағы орта мектептің мұғалімі З.Шалекенова сабақ өткізді.

Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ы сынағына сапалы дайындығын ұйымдастыру мақсатындағы аудандық әдістемелік апталық шеңберіндегі шаралар тізбегі 2018 жылдың 18 қаңтары күні Жамбыл атындағы орта мектеп базасында физика, математика пәні мұғалімдерінің семинарымен жалғасты. Аудандық шарада аталған пән мұғалімдері өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, керемет тәжірибе алмасу жүзеге асты.

Мектеп түлектерін ҰБТ-ы сынағына дайындауда мұғалімдердің тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру бағытындағы әдістемелік жұмыстардың аудандық апталығы шеңберіндегі шаралар бүгін, яғни 2018 жылдың 17 қаңтары күні Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп базасында тарих және география пәндері мұғалімдерінің бас қосуымен жалғасты.

2018 жылдың 19 қаңтары күні Атырау қаласындағы APEK Petro Texchnik колледжнің базасында білім беру ұйымдарының басшыларына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатындағы мәжіліс өтті. Жиынға Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев қатынасты. Жиын барысында білім беру саласында білім берудің жаңа сапасы, латын әліпбиіне көшу шаралары және нормативтік құқықтық құжаттардағы өзгерістер таныстырылды.

 

Атырау облыстық білім беру басқармасының бұйрығы негізінде "Өнерімді еліме арнаймын" тақырыбымен мектеп оқушылары көркемөнерпаздарының облыстық байқауына әзірлеген Индер ауданы көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы "Үздік" деп танылып, арнайы Дипломмен марапатталды.

2018 жылдың 18-19 қаңтары күндері бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік және шығармашылық көрсету мақсатындағы облыстық семинар-курс "Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптарда жүргізілетін пәндердің және бағалау жүйесінің ерекшеліктері" тақырыбымен С.Сейфуллин атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылып, оған 25 бастауыш сынып мұғалімі қатынасты.

2018 жылдың 19 қаңтары күні мектеп түлектерінің ҰБТ-ы сынағына сапалы дайындығын ұйымдастыру бағытындағы аудандық әдістемелік апталық аясындағы шаралар Бөдене орта мектебі базасында өткен мектеп кітапханашылары мен психологтарының тәжірибе алмасу семинарымен жалғасты.