Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы орта мектеп базасында 2018 жылдың 15 қаңтьары күні өткен әдістемелік кеңес отырысына бөлім әдіскерлері мен директорларыдң оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, координаторлар қатынасты.
Индер ауданы білім беру ұйымдары оқушыларына арналған аудан әкімінің Жаңа жылдық шырша мерекесіне 9-14 жас аралығындағы 140 оқушы қатынасты. мерекеге қатынасушы шәкірттерді аудан әкімі Серік Бисешұлы құттықтап, ақ тілегін арнады. Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алған балалар мультфильм кейіпкерлерімен, жаңа жылмен қауышып, концерттік бағдарлама тамашалап, жаңа жылдық сыйлық алды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!!!!!
Аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздіктің алтын ғасыры» атты тақырыптық кеш «Көктем қазақ орта мектебінің» жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздарының, мектеп басшылығы мен кітапханашылардың қатысуымен өткізілді. Шараны мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Н.Карабалиева құттықтау сөз сөйлеп ашты. Кеш барысында тарих пәнінің мұғалімдері Т.Ізмұқанов, Х.Абдрахманова сөз сөйлеп, арысы қазақ хандығынан бастап берісі егемен елдің іргесіне дейінгі көшті саралап өтті.
ҚР Білім және ғылыми министрлігі "Өрлеу" БАҰО АҚ Атырау облысы бойынша ПҚБАИ-ның ұйымдастыруымен өткен "Үздік менеджер" облыстық байқауына қатынасқан Индер ауданы М.Сиранов атындағы орта мектептің директоры С.С.Ешмұханбетовты жүлделі І орынды алуымен құттықтаймыз. Сәбит Сайфоллаұлы, мектеп басқару ісіндегі тәжірибеңіздің жоғары бағалануы болашақ жұмыстарыңызға тың серпін берсін. Отбасыңызда амандық пен береке болсын. Ұжымыңыз тамаша жетістіктерімен таныла берсін!!!!
06.12.2017 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінде өндірістік жоспарды орындау мақсатында оқу ісінің меңгерушісі Жұмашева Мереке Тағанбайқызының ұйымдастыруымен "Критериалды бағалау - оқу жетістігін бағалау" тақырбындағы мектепшілік әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңес барысында "Сабақта критериалды бағалауды қолдану", "Пәндер бойынша оқушылардың жиынтық бағалау жұмыстарына модерация жүргізу", "ТЖБ жұмыстары", "Пәндер бойынша тапсырмаларға дескриптор құрастыру" тақырыптарында практикалық жұмыстар ұйымдастырылды.
"1 желтоқсан - Тұңғыш Президент" күні мерекесіне орай Индербор кентіндегі Мәдениет үйінде мектеп оқушыларының "Өнерімді еліме арнаймын" тақырыбындағы концерттік бағдарламасы аудан халқына ұсынылды. Мектеп оқушыларының көркемөнерпаздар байқауы олардың өнер жолындағы алғашқы баспалдағы. Көп жылдардан бері елеусіз қалған осы бір шараның Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын тыңдап, жалғасын тауып жатқан игі шаралардың бірі.
Атырау облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында оқушылар арасында өткізілген "Шеберлер қалашығы" облыстық байқауына Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы атынан бір топ оқушы қатынасты. "Ағашты, сүйекті көркемдеп өңдеу" номинациясы II орын, "Ою-өрнек, Дизайн жасау" номинациясы II орын, "Ұршық иіру, тоқыма"номинациясы III орын иеленіп бағалы сыйлықтармен марапатталды.