Жаңалықтар

"Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар - отбасының рухани-адамгершілік негізі" тақырыбындағы облыстық көшпелі семинар бүгін Индер ауданында жалғасты. "Көктем" қазақ орта мектебі базасында өткен шара көрмемен танысудан басталып, "Сенбілік таң" бағдарламасы желісінде үлгілі отбасылардың өнеге сағаты арқылы жалғасты.

ҚР Білім және ғылым министрлігі "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБА Институтының ұйымдастыруымен "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ізденіс" тақырыбымен өткен облыстық педагогикалық фестиваль жұмысында 46 педагогтың тәжірибесі ортаға салынды. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында табысты және шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау, шығармашылық ойларды, педагогикалық ізденістер мен тәжірибені насихаттау мақсатындағы Фестиваль өте жоғары деңгейде өтті.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Жарлыққа қол қойды. Осы орайда Аудандық кітапхананың кітапханашылары əртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруда. Сондай шараның бірі бүгін Аудандық оқушылар шығармашылық орталығының ұстаздары арасында "Латын əліпбиі: кемел келешек үшін" атты тақырыпта өтті. Ақпараттық сағатқа қатынасушылар екіжақты пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Индер аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен "Латын әліппиіне көшу - рухани жаңғырудың негізі" тақырыбындағы шара М.Сиранов атындағы орта мектеп базасында мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және мектеп кітапханашыларының қатысуымен өтті.

Индер аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарлы Әдістемелік Кеңесі М.Әуезов атындағы орта мектеп базасында мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, мектеп координаторлары мен IТ мамандарының қатысымен 20 қараша күніөтті. Кеңестің күн тәртібіне сәйкес І оқу тоқсанында жаңартылған бағдарлама бойынша білім алатын сыныптарда өткен ТЖБ қорытындысына талдама жасалды.

Алматы қаласында Қазақстан жазушылар Одағының мәжіліс залында "Тәуелсіз ел жастары" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қараша айында өткен "Алаш сенген жастар" ІІреспубликалық жас ақындар мүшайрасына қатынасқан Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің оқушысы Дильназ Борисова жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі жоғары санатты ұстаз Қыстаубаева Назгүл. Дильназ бұдан бұрын да бірнеше облыстық, аймақтық жыр мүшайраларының жүлдегері болып жүрген дарынды оқушы. Қаламың ұштала берсін, жас ақын.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында белсенді және шығармашыл педагогтарды анықтау, оларды қолдау мақсатында инновациялық білім беру қызметінің іс-тәжірибесімен алмасуға, сонымен қатар инновациялық технологиялар, әдістеме, идеялардың таралуына ықпал жасау мақсатымен "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ізденіс" тақырыбымен 2017 жылдың 23 қазанында ұйымдастырылған аудандық педагогикалық фестивальге 54 педагог қатысып, өзара тәжірибе алмасты. 6 бағыт бойынша өткен фестиваль қорытындысымен педагогтың жұмысы облыстық байқауға 15 педагогтың жұмысы ұсынылды. Шығармашыл ұстаздарға жетістіктер тілейміз.