Жаңалықтар

2017 жылы Астана қаласындағы "Фолиант" баспасынан "Атырау ұстаздары" танымдық жинағы п.ғ.к, доцент,А.Байтұрсынов атындағы алтын медаль иегері Ш.Нағымұлының редакторлығымен, облыстық білім беру басқармасының басшысы, п.ғ.докторы Н,С.Сайлауованың алғыс сөзімен шықты. 7 бөлімнен тұратын жинақтың Халық мұғалімдері және ардагер ұстаздар бөлімінде Индер ауданынан 7 мұғалім мен Атырау облысы мұғалімдері және балабақша педагогтері бөлімінде Индер ауданы білім беру ұйымдарында шығармашылықпен еңбек етіп жүрген, республикалық дәрежеде жоғары марапаттауларға ие болған 27 ұстаз туралы құнды ақпараттар берілген. Осындай танымдық жинақты құрастырып шығаруға үлес қосқан жандарға үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Ұстаз есімі ұлықтала берсін.

5 қазан 2017 жыл

Мұғалімдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған "Ұстаз - ұлы есім" тақырыбмен Махамбет атындағы драма театрында өткен облыстық шара қатынасушыларға тамаш көңіл күй сыйлады. Мерекеде марапатталған ардагер ұстаздар, кәсіби біліктілігімен танылған шығармашыл педагогтар, мұғалімдер династиясы мен басшылық қызметте болған зейнеткерлерге ерекше сый құрметтер көрсетілді. Концерттік бағдарамада Р.Рымбаева, "Қоңыр" тобының болуының өзі де шараның жоғары деңгейде, асқан жауапкершілікпен ұйымдастырылғанын айғақтайды. Рахмет! Мерекеден алған үлкен әсеріміз жаңа бастамаларға серпін берсін.

 

2017 жылдың 4 қыркүйегі күні Индер аудандық білім бөлімі əдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен "Көктем" қазақ орта мектебінің базасында жалпы білім беретін орта мектеп басшыларына арналған аудандық семинарда 2017-2018 оқу жылының жұмыстық оқу жоспарын жасаудағы ерекшеліктер мен оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Əдістемелік нұсқау хат талданып, түсіндірілді. Оқу-тəрбие процесін ұйымдастыруға байланысты сұрақтарға жауаптар берілді. Іске сəт, əріптестер. Жетістіктеріміз көп болсын. Сапалы білім мен тəрбие берудегі қызметтеріңіз нəтижелі болсын!

4 тамыз 2017 жыл

 

Құрметті ұстаздар, шəкірттер, ата-аналар, салтанатты жиынмен басталған жаңа оқу жылы құтты болсын. 'Мен өз елімнің патриотымын" сабақтарымен басталған оқу жылын Аққала, Гребенщик орта мектептері мен Жарсуат музыка мектептерінің сəулетті жаңа ғимаратта бастауы қуанышты жаңалық. Қадірлі əріптестер, жаңа оқу жылында мықты денсаулық, отбасы амандығы мен шығармашылық ізденіске толы табысты еңбек тілейміз. Мақтан тұтар білімді, ойлы, адамгершілігі мол шəкірттеріміз көп болсын.