Жаңалықтар

Индер ауданы мектептерінің деңгейлік курстан өткен мұғалімдерінің "Желідегі байланыстың көшбасшы іскерлігін қалыптастырудағы маңызы" тақырыбындағы ІV аудандық форумы биыл тәжірибелік алаң ретінде ұйымдастырылды.

2018 жылдың 4 сәуірі күні алғаш рет "Қ.Есқалиев атындағы математика білгірлері" тақырыбындағы 7 сынып оқушыларының аудандық командалық турнирі Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп базасында өтті.

Алматы қаласында өтіп жатқан "Үздік жас ұстаз -2018" І республикалық форумына Индер ауданы жас ұстаздарының "Жас мамандардың әлеуметтік бейімделуіндегі шығармашылық ізденістер" тақырыбымен өткен аудандық VІ форумының қорытындысымен жеңімпаз болған "Көктем" қазақ орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Таңатаров Наурызбек қатынасып жатқан болатын. Алматыдан жақсы хабар жетті.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Облыстық білім беру басқармасы Əдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Білімді цифрландыру-жетістік кепілі" тақырыбында 2018 жылдың 13 наурызы күні облыстық форум өткізілді.

Индер аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық аналар мерекесі қарсаңында және Алғыс айту күнімен тұспа-тұс өткен "Жігіттер құттықтайды" концерттік бағдарламасы Ұстаз - Аналар құрметіне арналды.

Индер аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен биыл V рет өтетін "Жас мұғалімдердің әлеуметтік бейімделуіндегі шығармашылық ізденістер" тақырыбындағы дәстүрлі аудандық слет тимбилдинг форматымен өтуде.