М.Әуезов атындағы орта мектеп базасында 2018 жылдың 15 қаңтьары күні өткен әдістемелік кеңес отырысына бөлім әдіскерлері мен директорларыдң оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, координаторлар қатынасты.
Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ға дайындық деңгейне талдау және жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің І жарты жылдық нәтижелерін сараптау мақсатында өткен кеңесте бөлім әдіскерлері М.Төремұратова, Г.Ақбисенова, А,Абилова жекелеген пәндер бойынша ҰБТ-ы сынағына сапалы дайындау бағытындағы жұмыстар мен байқау сынақтарының нәтижесіне талдау жасаса, бөлім әдіскері Г.Алиева және мектеп координаторлары А.Қоңқашева, С.Карентаева, Г.Ажибаева, Қ.Асанова І жарты жылдық қорытындысы бойынша жаңартылған бағдарламамен білім алушылардың оқу жетістіктеріне талдама жасады. Ашық пікір алысу кезінде мектеп бітіруші түлектердің әлі де болса мамандықтарын таңдауда жиі пән ауыстырулары,логикалық тапсырмаларды орындау дағдыларының аздығы, гуманитарлық бағытта оқитын оқушылардың техникалық бағыттағы мамандық таңдауы, функционалдық сауаттылыққа байланысты тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын іздестіру сияқты түйткіл мәселелер ашық айтылды.
Жаңартылған бағдарлама бойынша білім алушылар ІІ тоқсанда БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын орындауға машықтанып қалғандығы, мектептердегі материалдық базаның жақсы екендігі, дегенмен әлі де болса осы бағытта курстан өтпеген мұғалімдер үшін әдістемелік көмек қажеттігі назарға берілді. Әдістемелік кеңес жұмысын қорытындылаған аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Р.Қ.Даулетова мәжілісте айтылған түйткіл мәселелерде шешу жолдарына байланысты іс-шаралар жүргізілетіндігін, осы бағытта әдістемелік жұмыстар (тренинг, семинар, коучинг т.б) жалғасатынын айтты.