2018 жылдың 19 қаңтары күні мектеп түлектерінің ҰБТ-ы сынағына сапалы дайындығын ұйымдастыру бағытындағы аудандық әдістемелік апталық аясындағы шаралар Бөдене орта мектебі базасында өткен мектеп кітапханашылары мен психологтарының тәжірибе алмасу семинарымен жалғасты.

"Білімді ұрпақ - ел болашағы" тақырыбындағы кітап көрмесін Бөдене орта мектебінің кітапханашысы А.Есмағамбетованың таныстырылымымен басталған шарада М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептің психологы Д.Иманалиева "Психологтың оқушылармен жүргізілетін кешенді қызметі", С.Сейфуллин атындағы орта мектептің кітапханашысы Э.Зинешова "Оқушылардың сынақ жұмыстарына дайындалуындағы мектеп кітапханасының ролі" тақырыбында баяндама жасады.

"Көктем" қазақ орта мектебінің психологы А.Демеуова өткізген коучинг пен Бөдене орта мектебінің психолгы А.Малекенова өткізген тренингке әріптестер белсенділікпен қатынасып, еркін пікір алмасты. Бөлім әдіскерлері А.Шуйншқалиева мен Г.Даутова аудандық шараға қатынасушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстар қабылданды. Апталық жалғасуда.