2018 жылдың 18-19 қаңтары күндері бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік және шығармашылық көрсету мақсатындағы облыстық семинар-курс "Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптарда жүргізілетін пәндердің және бағалау жүйесінің ерекшеліктері" тақырыбымен С.Сейфуллин атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылып, оған 25 бастауыш сынып мұғалімі қатынасты.
Семинарды өткізген "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері Б:Қ.Жалмуханова мен Г:Ж:Нұрсұлтановалар бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жұмысын жүргізудің ерекшеліктерін түсіндіруде интербелсенді әдістерді қолдана отырып, тиімді ұйымдастырды.