Атырау облыстық білім беру басқармасының бұйрығы негізінде "Өнерімді еліме арнаймын" тақырыбымен мектеп оқушылары көркемөнерпаздарының облыстық байқауына әзірлеген Индер ауданы көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы "Үздік" деп танылып, арнайы Дипломмен марапатталды.

Вокал номинациясы бойынша С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушысы Дильназ Бейбітқызы (жетекшісі А.Қаражанова), М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Аяжан Қаюпова (жетекшісі Қ.Базаров), Жеке аспапта орындау номинациясы бойынша Махамбет атындағы орта мектептің оқушысы Фархад Әбдісаламұлы (жетекшісіС.Қияқбаев), ансамбль, оркестр номинациясы бойынша Бөдене орта мектебінің "Әсем әуен" термешілер ансамблі (жетекшісі Г.Сариева), хореография номинациясы бойынша балалар Өнер мектебінің "Сымбат" би тобы (жетекшісі Г.Жанат) және Кулагино ұлттық гимназиясы мен Жамбыл атындағы орта мектеп оқушыларынан құралған "Шашу" би тобы (жетекшісі Ә.Омар), көркемсөз номинациясы бойынша С.Сейфуллин, М.Әуезов, Көктем, Махамбет атындағы орта мектептердің жас ақындары Б.Дүйсенов, А.Орынбасаров, Н.Иса, А.Сансызбаев, Д.Борисова, Ш.Ислямғалиева (жетекшілері А.Оспанова, Г.Досанова, Э.Абдрахманова, А,Қайырлиева, Н,Қыстаубаева) "Үздік" деп танылып, Атырау облыстық білім беру басқармасының Дипломымыен және сыйлықпен марапатталды. Бүгін, 12 қаңтар күні, Индер аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Ж.Шакимов жүлдегер оқушыларды, ансамбьдер мен би топтарының жетекшілерін қабылдап, марапаттау шарасын өткізді. Шарада оқушы ақындар Ш.Ислямғалиева, А.Орынбасаров өлеңдерін оқыса, ең жас жүлдегер Д.Бейбітқызы ән салды. Барлық жүлдегер оқушылар мен би топтарын мен ансамбль жетекшілеріне Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты табыс етілді. Ата-аналар атынан Б.Утепов, ұстаздар Қ.Базаров, А.Қайырлиева, Н.Қыстаубаева, А.Оспановалар сөйлеп, ризашылықтарын білдіріп, шәкірттерге шығармашылық табыс тілесе, ұйымдастыру алқасының атынан сөз алған Р.Даулетова облыстық байқауға концерттік бағдарлама әзірлеген барлық ұстаздарға Алғыс білдіріп, жаңа бағытта ізденуде шығармашылық табыстар тіледі.