Мектеп түлектерін ҰБТ-ы сынағына дайындауда мұғалімдердің тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру бағытындағы әдістемелік жұмыстардың аудандық апталығы шеңберіндегі шаралар бүгін, яғни 2018 жылдың 17 қаңтары күні Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп базасында тарих және география пәндері мұғалімдерінің бас қосуымен жалғасты.
Аудандық әдістемелік семинардың жоспарына сай Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің ұстаздары А.Табжанова мен Б.Шымыров тарих және география пәндері бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы ұйымдастыру жұмыстарының жүйесіне таныстырылым жасаса, Бөдене орта мектебінің тарих пәні мұғалімі А.Тасимов пен Б.Нысанбаев атыдағы орта мектептің география пәні мұғалімі А.Алипова жаңа форматтағы ҰБТ тапсырмалары бойынша практикум өткізді. Аудандық шара барысында мектеп психологы Г.Досқалиева тренинг, ХІ сынып жетекшісі М.Қамашева пікірталас, география пәні мұғалімі З.Набиева мен бөлім әдіскері Г.Ақбисенова кері байланыс жасады.Семинар жұмысына белсенділікпен қатынасқан пән мұғалімдері өздері үшін де, оқушылар үшін де қиындық тудыратын көп жауабы бар тест сұрақтарымен жұмыс дағдыларын жетілдіру, ақпараттың оқушы жадында ұзақ сақталуына мүмкіндік беретін сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау тапсырмаларын көбірек пайдалану білім сапасын арттыруда қажетті басымдықтар деп таныды. Семинар жұмысын Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп директоры Р.Қанатов пен Индер аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Р.Даулетова қорытындылап, сараптама негізінде ұсыныстар қабылданды.