Аудандық әдістемелік апталық 2018 жылдың 22 қаңтарында М.Сиранов атындағы орта мектеп базасында химия-биология пәні мұғалімдері үшін ұйымдастырылған "Білім алушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы ынтымақтастық" тақырыбындағы практикалық семинармен жалғасты. Бағдарламаға сәйкес ХІ сыныпта М.Сиранов атындағы орта мектеп мұғалімі Р.Баймұхатова мен Махамбет атындағы орта мектептің мұғалімі З.Шалекенова сабақ өткізді.
Мұғалімдер сабақ барысында "bilimland" сайтынан сол күнгі тарауға арналған бейне материалдар мен ҰБТ сынағына арналған тест тапсырмалары орындалып, оқушылар қатемен жұмыс жасады. Мұғалімдердің сабақ барысында "bilimiand" материалдарын пайдалануына толық жағдай жасалған. мектеп психологтары тренинг өткізіп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Умбетова нормативтік құқықтық құжаттармен таныстырды. Г.Сарсенғалиева коучинг, А.Ерғалиева, Г.Үбенова, Г.Нұрланова шеберлік сабақтарын өткізіп, интербелсенді әдістердің түрлеріміен жұмыс жасау жолдарын көрсетті.Мәтіндік, суреттік және логикалық тапсырмалар бойынша жұмыс жасаған ұстаздар, тест тапсырмаларының спецификасына сәйкес жеңіл деңгейдегі сұрақтарға жауап беруде Менделеев таблицасымен жұмыс дағдысын қалыптастыру оқушыларға көптеген жеңілдік беретінін ортаға салды. Әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Қ.Даулетованың семинар жұмысына жасаған кері байланысы кезінде ұстаздардың өзіндік ой-пікірлерін айтып, бүгінгі күннен алған әсерлерімен және тәжірибелеріміен бөліскен әріптестеріне игі лебіздерін білдірді. Мектеп директоры С.Ешмұхамбетов пен бөлім әдіскері А.Абилова аудандық шараны қорытындылады.