Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарламамен білім алатын сыныптарда сабақ беретін ұстаздарға әдістемелік қолдау, ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ жасаудың ерекшеліктері, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын әзірлеуде практикалық көмек көрсету, тәжірибе алаңында еркін пікір алмасу мақсатындағы "Критериалды бағалау - оқу жетістігінің өлшемі" тақырыбындағы аудандық талдау семинары "Азия" тобындағы мектептер үшін 2018 жылдың 25 қаңтары күні М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылды.
Аудандық шараға қатынасушыларды бөлім әдіскері А.Шуйншқалиева, мектеп психологы Д.Иманалиева өткізген тренинг керемет әсерге бөледі. Мектеп координаторы Қ.Асанова жаңартылған бағдарлама бойынша топтағы мектептерде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Мектеп тренерлері Қ.Мырзахметова мен Г.Нұрланова БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу, модерация жасау, дескрипторлар құрастыру ерекшелігі, критерилерді белгілеу, ойлау жүйелерінің деңгейне лайықты интербелсенді әдістер қолдану жұмыстарын топтық тапсырмалар арқылы орындатып, мұғалімдердің бір-бірінен үйренуіне жағдай жасай алды. Мектеп директорлары Қ.Жаналисов, Т.Жылқышиева, Қ.Оразбаевтар топтық жұмыстарға кері байланыс жасап, сараптама жүргізді. Практикалық жұмыстарға рефлексия жасаған әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Даулетова ҚМЖ бойынша сабақтағы оқу мақсатын орындау үшін оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда қосымша ресурстарды қалай пайдалануға болатынын түсіндірді.Тіл сабақтарындағы ӘТН жүргізуде жеке тапсырмаларды ұйымдастыруәдістерін көрсетті. Семинарға қатынасушы ұстаздар тәжірибелік алаңнан өздері үшін маңызды мәліметтер алып, тәжірибе алмасу нәтижелі болғанын кері байланыста көрсетті.