"Сапалы сабақ - сапалы білім үшін" тақырыбымен Индер ауданы жалпы орта білім беретін мектептерінде онкүндік өтіп, мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларының ХІ сыныптардың сабағына қатысы ұйымдастырылды.

Сабақ бойынша жасалған рефлексиялар жинақталды. Рефлексиялардың нәтижесімен ХІ сыныптардағы сабақ үрдісіне, оның ұйымдастырылуына мектеп басшылары жасаған рефлексияға "Сапалы сабақ - сапалы білім үшін" тақырыбымен өткен аудандық тәжірибелік семинарда кері байланыс жасалды. Семинар бағдарламаға сәйкес 4-кезеңнен құрылымдалып, оған жауапты мектеп тренерлері белгіленді. "Жасырын мәлімет" стратегиясымен топқа бөлінген қатынасушылар "Рефликсифтік нысана" стратегиясы бойынша сабақты құрылымдау жолдарын мектеп тренерлерінің бағыттауымен "Ақиқат-жалған", "Лабиринт", "Өзгеріс үшін тілек" стратегиялары арқылы анықтап, топтық жұмыс арқылы сабаққа жасалатын рефлексияның 13 бөлімнен тұратын бағалау критериясын анықтап алды. Бағалау критериясына сәйкес бірін-бірі бағалау жасалып, алдын ала дайындалған "Тұжырымдамалық карта" толтырылу арқылы үздік сабақ пен үздік рефлексиялар анықталды. Б.Нысанбаев, Қ.Абақанов, М.Сиранов, "Көктем", Махамбет атындағы орта мектеп басшыларының жұмыстары бірін-бірі бағалау қорытындысымен әріптестері тарапынан жоғары баға алды.Қатынасушылардың топтық саралау жұмысына мектеп тренерлері кері байланыс жасады. Бұл кезеңде тренерлер А.Ихсанова, Л.Тынымбаева, Ж.Қорғанбаевалар нақты талдаулар жасап, сабақтағы назар аудару кереті ортақ мәселелерді анықтай алды. Бұл семинардағы атқарылған жұмыстар мектеп басшылары үшін жақсы тәжірибелік алаң бола алды.Өз тапсырмаларын жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлікпен атқарып шыққан мектеп тренерлеріне қатынасушылар мен ұйымдастырушылар үлкен ризашылықтарын білдірді.