Атырау облысы жалпы білім беру ұйымдарында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибесін тарату жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің бүгінгі отырысы "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында өтті.

Педагогикалық Шеберлік Орталығы, облыстық әдістемелік орталық директорлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен әдістемелік кабинет меңгерушілерінің қатысуымен өткен Кеңес жұмысында "7 модулді бағдарламаның іске асырылуы:табыстыр, проблемалар жіне шешу жолдары" тақырыбы талқыланды. Тәжірибелерін ортаға салған әріптестерінің баяндамалары тыңдалған кеңес жұмысында еркін пікіралмасу, ұсыныстар мен ойлар, проблемалар ортаға салынып, практикалық жұмыстар жасалды. Үйлестіру Кеңесінің жұмысы әріптестердің білім беру саласындағы тамаша тәжірибе алаңына айналуда.