Индер аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен биыл V рет өтетін "Жас мұғалімдердің әлеуметтік бейімделуіндегі шығармашылық ізденістер" тақырыбындағы дәстүрлі аудандық слет тимбилдинг форматымен өтуде.

Таңертеңгі 9-да тапсырмаларын алып, 7 топта құпия маршрутпен аялдамаларға аттанған жас ұстаздарға сәттілік тілейміз. Бүгінгі жас ұстаздармен өткен тимбилдинг жұмысына жауапты болған барлық тренерлерге, қажетті жағдайлармен  толык қамтамасыз еткен Ш. Уәалиханов атындағы орта мектеп әкімшілігіне үлкен рахмет айтамыз. Түрлі тапсырмалар орындауда аялдама болған мекемелер Аудандык спорт мектебі,өрт сөндіру мекемесі, аудандык кітапхана, Саида фото салоны, аудандык аурухана, «Балдаурен» балабакшасы, Азия дүкені, Батыр сауда орталығы, Оқушылар шығармашылық орталығы, әскери комиссариат, аудандық колледж, Өнер мектебі, «Нариман» кафесі, «Мария» сервис орталығы, Телекомуникация, мұрағат, жастар орталыгы, «Талап» сауда орталығы қызметкерлеріне түсінісітік пен ынтымақтастық танытқаны үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Тапсырмаларды орындауда ынтымақтастық, командалық бірлік, белсенділік пен ерекше шығармашылық танытқан жас ұстаздар Индербор кенті тұрғындары мен мекемелері туралы көптеген мағлұматтар алып, деректер жинады. Барлык тарсырмаларды орындауда ерекше қабілетімен, жан-жақтылығымен танылып, өз тобын ұйымдастыруда көшбасшы бола білген «Көктем» қазақ орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі  Наурызбек Танатаров «Үздік ұстаз» атанды. Бұл-жастардың өз таңдауы болды. Республикалық жас ұстаздар форумына жолдама алған талантты жасқа шығармашылық табыстар тілейміз.