Индер аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық аналар мерекесі қарсаңында және Алғыс айту күнімен тұспа-тұс өткен "Жігіттер құттықтайды" концерттік бағдарламасы Ұстаз - Аналар құрметіне арналды.

Индер аудандық білім бөлімінің басшысы қатынасушыларды мерекмен құттықтап, "Райхан"және "Балдәурен" балабақшасының қызметкерлері Э.Қуанышова мен Г.Хайырлиеваға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хатын табыстады. Концерттік бағдарламада білім беру ұйымдарының өнерлі ер азаматтары және олардың шәкірттерінің әзірлеген ән мен жырдан, куй мен биден құрылған концерттік бағдарламасы қатынасушыларға тамаша әсердегі кеш сыйлады. Бейнелеу өнерін серік еткен ұстаз жігіттер сол сәтте өрнектелген туындыларын қатынасушыларға сыйға ұсынды. Кеш жүргізушілері болған ағайынды ұстаз жігіттер Манас және Жарас Әзербаевтар Ана жолымен ұстаздықты таңдағандарын мақтаныш ететіндіктерін Н.Қыстаубаеваның "Жолыңды,Ана, таңдадып" монологымен әсерлі жеткізіп, Аналарына құрмет көрсетті.Тамаша кешті ұйымдастыруда белсенділік пен жауапкершілік танытқан білім беру саласының ер азаматтары: Р.Қанатов, С.Нысанов, Қ.Базаров, С.Исағалиев,Б.Утепов, Қ.Гилманов,Қ.Әмірғали, С.Қияқбай,Т,Нұрмағанбетовке және барлық өнерпаз жігіттерге үлкен алғыс айтамыз. Кеш қонақтарына аудандық салалық кәсіподақ ұйымы ескерткіш сыйлықтарын ұсынды. Білім беру саласында еңбек етіп жүрген барша қыз-келіншектер мен ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.