"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Облыстық білім беру басқармасы Əдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Білімді цифрландыру-жетістік кепілі" тақырыбында 2018 жылдың 13 наурызы күні облыстық форум өткізілді.
Форумның пленарлық бөлімінде Облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасары Злиха Қадірбайқызы, Облыстық əдістемелік орталық директоры Ғабит Уапұлы, "Білім Медиа Груп" компаниясының директоры Санжар Кенжеханұлы, "Өрлеу" БАҰО"-ның кафедра меңгерушісі Жаңыл Темірқызы, Педагогикалық шеберлік орталығының АКТ менеджері Ерлан Аманжолұлы, Облыстық əдістемелік орталығының "Ақпараттандыру, мониторинг жəне талдау" бөлімінің басшысы Гулмира Гилажқызының баяндамаларымен басталған форумның екінші бөлімінде үш секцияғада практикалық жұмыстар жүргізілді. Форум қорытындысында өз шығармашылықтарын әріптестерімен бөліскен Индер ауданының информатика пәні мұғалімдері Г.Кусайнова (М.Сиранов ат. о/м) мен Б.Аманқосова (Махамбет ат. о/м) облыстық әдістемелік орталықтың, ал бөлім әдіскері М.Төремұратова аудан білім беру ұйымдарындағы ақпараттандыру және мониторинг жұмыстарын сапалы жүргізудегі еңбегі үшін Атырау облыстық білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.