2018 жылдың 4 сәуірі күні алғаш рет "Қ.Есқалиев атындағы математика білгірлері" тақырыбындағы 7 сынып оқушыларының аудандық командалық турнирі Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп базасында өтті.
Индер аудандық білім бөлімі ұйымдастырған шараға Қ. Есқалиевтің ұрпақтары демеушілік жасады. Екі айналымнан өткен турнирде оқушылар командамен жақсы жұмыс жасады. Турнир нәтижесінде "Көктем" қазақ орта мектебінің оқушылары Бас жүлдені жеңіп алды. Турнирдің ашылу және марапаттау сәтінде сөз алған Дарико және Айгүл Қаламқыздары өздерінің де әке жолын қуып математик ұстаз болғандарын мақтанышпен айтып, оқушыларды білім, ғылым үйренуде жалықпау керектігін атап айтты.