Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Шығармашылық жұлдызы" семинар-практикумы Құрманғазы атындағы мəдениет сарайында үлкен ұйымшылдықпен өтті. Бөбекжайдың бейнелеу өнері маманы Тайырова Ақнұр Дүйсенбайқызының тəжірибесі таратылып, балалар мен тəрбиешілер өнер көрсетті. Шараға қатынасуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасаған Индербор кентінің əкімі Тұрабаев Рулан Жамбылұлына, Аудандық Білім Бөлімі басшысы Берик Шакимов Жеңісұлына, ата-аналарға ұжым атынан алғыс білдіреміз!