Білім саласынла еңбек етіп жүрген жас мамандардың тәжірибесін шыңдау, жаңартылған білім мазмұны аясында тәжірибе алмасу, мұғалімнің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында Атырау облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен "Үздік жас ұстаз" облыстық форумы Атырау қаласындағы 36 мектеп -гимназияда өтті. Форум жұмысы практикалық алаңдағы секциялық жұмыстар және "Азамат" ер мұғалімдер клубының тренингтер топтамасы арқылы жалғасын тапты. Әріптестер кездесуі, тәжірибе алаңы , қызықты сұxбаттарға толы форум жұмысыны жас ұстаздар мен олардың жетекшілеріне берері мол тәлімді шара болды. Индерлік жас ұстаздарға сәттілік тілейміз!