Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты, яғни Қадыр ақынның туған ауылында 1 республикалық Қадыр оқулары өтті. Үш бағам бойынша өтетін Қадыр оқуларының аудандық, облыстық кезеңдерінде де жүлдегер болған Маxамбет атындағы орта мектептің оқушысы Әміржанұлы Жанболат "Кейбір жырым ән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда" деп аталатын ақын сөзіне жазылған әндерді орындау бағамы бойынша 1 орынға ие болды. Атырау облысының намысын биік дәрежеде асқақтатқан шәкірттің ұстазы Төлеуова Бижамал жоғары санатты маман. Жеңіс құтты болсын.