Индер ауданында Индер ауданының 90 жылдығы мен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі,ақын Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл толу құрметіне орай "Елім дейтін ұланбыз" атты республикалық-аймақтық деңгейдегі оқушылар айтысы ұйымдастырылды. Мақсат: айтыс өнері арқылы оқушыларды суырып салмалылыққа баулу, домбыра әуеніне дауыс үндестігін келтіріп музыка білімін арттыру, егемендіктің қадірін түсінуге, тарих шежіресін білуге, салт-дәстүрді сыйлауға баулу. Айтысқа көршілес Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан және Қызылқоға, Жылыой, Индер ауданынан барлығы 20 ақын қатысты. Қ.Жылқышиев, Ә.Дәулетбаева, Б.Қарашин, М.Таласов, С.Нұрманов, Ә.Есенғалиев, Т.Махметов орақ тілді жас ақындарға қазылық етіп, әділ бағасын берді. Айтыс қорытындысы бойынша 3 орынға - А.Әлібекұлы, К.Баймұрат, Т.Тілекқабылұлы, 2орынға - А.Көпбергенов, С.Алшын, 1 орынға - Р.Өтепов ие болды. Республикалық-аймақтық айтыстың бас жүлдесі - Индерлік айтыскер ақын Н.Исаға бұйырды. Сондай-ақ, М.Мөңкеұлы атындағы жүлдені Б.Төлеуғалиев иеленді. Ал айтыстың "Үздік айтыскер" атағына - Т.Тілекқабылұлы лайық деп танылды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға сертификаттар мен дипломдар және естелік сыйлықтар табысталды.