2022 жылдың 14 сәуір күні Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің базасында  мұғалімдер арасында салауатты өмірді насихаттау мақсатында дәстүрлі аудандық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.

Спартакиаданың ашылу салтанатымен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Индер аудандық комитетінің төрағасы Қ.Ахметова, аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Г.Жаңбырбаева құттықтап, жарысқа қатынасушы командаларға сәттілік тіледі.

Аудандық спартакиадаға 12 команда қатынасуда. Спартакиада спорттың 6 түрінен (волейбол, кіші аяқ добы, үстел теннисі, стритбол, шахмат, ләңгі тебу) өтеді.

Жарысқа қатынасушы командаларға табандылық, спорттық шеберлік және тартысты ойын тілейміз!