22 қыркүйек 2017 жыл

 

Индер аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстан халықтары Тілдері мерекесіне арналған апталықтар мен онкүндіктер барлық білім беру ұйымдарында жан-жақты шаралармен өтіп, қорытындыланды. Онкүндік кезінде "Ана тілім -асыл қазынам" тақырыбымен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ІХ-ХІ сыныптар арасында өткен шығармалар байқауына 38 оқушы, "Ана тілің -арың бұл" тақырыбымен УІІ - Х сынып оқушылары арасында өткен көркемсөз оқушылардың аудандық байқауына 44 оқушы, "Тіл тағдыры - ел тағдыры" тақырыбымен У-УІІІ сынып оқушылары арасында өткен сурет байқауына 15 оқушы қатынасты. Жүлдегерлер аудандық білім бөлімінің Дипломдарымен марапатталып, қатынасушыларға сертификаттар табыс етілді. Онкүндік қорытындысымен әдістемелік бірлестік жетекшілері арасында өткен аудандық "Үзді колейдоскоп" байқауы барысында мектептерде ұйымдастырылған сан түрлі шаралар ортаға салынып, тәжірибе алмасу болды. С.Сейфуллин атындағы орта мектептегі табиғат аясында көркемсөз оқудан түсірілген бейнероликтер, М.Әуезов атындағы орта мектептегі фестиваль, ЭХРО -2017 көрмесіне қатынасушы оқушылармен болған кесдесулер, Махамбет мектебіндегі қуыршақ театрының жұмысы, М.Сиранов мектебіндегі шешендік сөздерден әзірленген сахналық қойылым мен жергілікті баспасөзбен байланыс әріптестердің қуана ие болды. Үздік деп танылған ұстаздар Дипломдармен марапатталды.