Индер аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қалдырған ізің мәңгілік..." тақырыбымен Ұстаздар күніне арналған аудандық салтанатты жиын мәдениет үйінде өтті. Салтанатты жиында мерейжасқа толған ардагер ұстаздар ұлығыланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Атырау облыстық білім беру басқармасының, Индер ауданы әкімінің, Индер аудандық маслихатының, "Өрлеу" БАҰО Атырау облыстық филиалының, облыстық кәсіподақтар Кеңесінің Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттарымен 70-тен астам педагогтар марапатталды. Салтанатты жиын барысында 2017-2018 оқу жылында аудан білім беру ұйымдарында алғашқы еңбек жолын бастаған жас ұстаздарды құттықтау ұйымдастырылды. Шара барысында мектеп оқушылары мен ұстаздарынының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жиын қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Құрметті ұстаздар, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, марапаттарыңыз құтты босын! Отбасыларыңызда амандық, елімізде тыныштық болсын!