Алматы қаласында Қазақстан жазушылар Одағының мәжіліс залында "Тәуелсіз ел жастары" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қараша айында өткен "Алаш сенген жастар" ІІреспубликалық жас ақындар мүшайрасына қатынасқан Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің оқушысы Дильназ Борисова жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі жоғары санатты ұстаз Қыстаубаева Назгүл. Дильназ бұдан бұрын да бірнеше облыстық, аймақтық жыр мүшайраларының жүлдегері болып жүрген дарынды оқушы. Қаламың ұштала берсін, жас ақын.