Индер аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарлы Әдістемелік Кеңесі М.Әуезов атындағы орта мектеп базасында мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, мектеп координаторлары мен IТ мамандарының қатысымен 20 қараша күніөтті. Кеңестің күн тәртібіне сәйкес І оқу тоқсанында жаңартылған бағдарлама бойынша білім алатын сыныптарда өткен ТЖБ қорытындысына талдама жасалды.

Төрт топ бойыша "Көктем" қазақ орта мектебі мен Бөдене орта мектебінің координаторлары Ж.Абилова, А.Тасимов, Кулагино ұлттық гимназиясы мен Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп директорларының орынбасарлары Ә.Жалмұқашева, Ә.Науашевалар бастауыш сынып, тіл пәндері, физика-математика және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша топтап жасалған талдама нәтижелерімен таныстырды. Жалпы БЖБ және ТЖБ -ды ұйымдастырып, өткізудегі көптеген түйінді мәселелер ашып көрсетіліп, болашақта жүргізілетін жұмыс бағыттар қызу жүрген пікір алмасу барысында анықталды. Қойылған сұрақтар бойынша жауаптар берілді. "Kundelik" бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану, ҰБДҚ ақпараттық жүйесін толтыру статистикасы бойынша М.Әуезов атындағы орта мектептің IT маманы А.Жасақбаева және бөлім әдіскері М.Төремұратова хабарлама жасады. Әдістемелік Кеңес төрағасы Р.Даулетованың қорытынды сөзімен аяқталған шара алынғын ұсыныстардан туындайтын міндеттер бойынша жасалатын жұмыстарды айқындап алуымен маңызды болды.