ҚР Білім және ғылым министрлігі "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБА Институтының ұйымдастыруымен "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ізденіс" тақырыбымен өткен облыстық педагогикалық фестиваль жұмысында 46 педагогтың тәжірибесі ортаға салынды. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында табысты және шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау, шығармашылық ойларды, педагогикалық ізденістер мен тәжірибені насихаттау мақсатындағы Фестиваль өте жоғары деңгейде өтті.
Аталған шараға Индер ауданынан 9 педагог қатынасып, өздерінің әс-тәжірибелеріндегі жетістіктерімен бөлісті. Барлық қатынасушыларға сертификаттар табысталды. Жамбыл атындағы орта мектептің мұғалімі Р.Үсенғалиева, Кулагино ұлттық гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ә.Жалмұқашева, "Балдәурен" балабақшасының тәрбиешісі М.Кутровалар Алғыс хатпен, аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Р.Даулетова Құрмет Грамотасымен марапатталды. Аудандық әдістемелік кабинеттің жұмыс тәжірибесі республикалық "Хабаршы - Вестник" журанлында жарияланатын болды. Жетістіктеріңіз құтты болсын, Ұстаздар. Педагогтарға үнемі қолдау танытып, нәтижелі жқмыстарын насихаттауда жаңа ізденістеріміен танылып жүретін Институт ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз.