"Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар - отбасының рухани-адамгершілік негізі" тақырыбындағы облыстық көшпелі семинар бүгін Индер ауданында жалғасты. "Көктем" қазақ орта мектебі базасында өткен шара көрмемен танысудан басталып, "Сенбілік таң" бағдарламасы желісінде үлгілі отбасылардың өнеге сағаты арқылы жалғасты.

Б.Аталыхов,А.Айтқалиев, Б.Утеповтар отбасылары өнерлері мен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға арналған насихаттарын ортаға салды. Семинар жұмысына барлық аудандардың білім бөлімі әдіскерлері, ата-аналар ұйымының, Әкелер кеңесінің жетекшілері қатынасты.семинар жұмысын облыстық білім беру басұармасының бөлім басшысы А.Қайырлиева қорытындылады. Облыстық шараға белсенділікпен қатынасқан отбасыларға аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттары табысталды.