Атырау облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес "Шағын жинақталған мектеп:мәселе, тәжірибе, болашақ" тақырыбындағы облыстық тәжірибе алмасу семианары Индер ауданындағы Аққала орта мектебінің базасында өтті. Семинар жұмысына Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Махамбет аудандарының ШЖМ директорларының орынбасарлары, бөлім әдіскерлері, пән мұғалімдерінің қатысуымен өтті.
Биылғы оқу жылында пайдаланылуға берілген Аққала орта мектебінің әсем ғимаратының кең дәлізінде М.Мөңкеұлы, Гребенщик, Аққала орта мектебі мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық жұмыстарынан ұйымдастырылған көрме қатынасушылар көңілінен шықты. Облыстық семинардың тәжірибелік бөлімінде аудандыұ әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Р.Қ.Даулетова "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ даму келешегі" тақырыбында баяндама жасады. М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ұ.Мырзахметова "Қалыптастырушы бағалау жұмыстарын жүргізудегі ерекшеліктер" тақырыбында коучинг, Аққала орта мектебінің мұғалімдері А.Қойшина мен А.Халенова командалық сабақ, Аққала орта мектебінің мұғалімі Н..Бүркітбаева ықшам сабақ, М.Құлғалиева мен Л.Тынымбаева белсенді әдістерден шеберлік сағатын көрсетсе, Н.Кульчикова тамаша тренинг өткізді. І оқу тоқсанының қорытындысына талдама жасалып, проблемаларға назар аударылды. Семианар жұмысына кері байланыс жасаған Гребенщик орта мектебінің мұғалімі Г.Әжібаева қатынасушылардың өзіндік үнін білдіруге толық мүмкіндік туғызу арқылы, өз шеберлігін таныта алды. Тәжірибелік семинарды қорытындылаған облыстық Әдістемелік орталықтың инновация және менеджмент бөлімінің әдіскері Н.Кулбалиева жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын сыныптарға сабақ беріп жатқан Индерлік ұстаздардың ұмтылысы мен ізденісінің құптарлықтай екенін айтып, қатынасушылармен бөліскен тәжірибелері ұшін алғыс білдірді.