Атырау облысы жалпы орта білім беретін ұйымдарында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибесін тарату мақсатында құрылған үйлетіру кеңесінің кезекті отырысында "Үйлестіру кеңесінің 2017-2018 оқуьжылына арналған жұмыс жоспары" және пилоттық мектептердегі жаңартылған білім мазмұнын ендірудегі нәтижелері таныстырылды.

"Облыстың орта білім беру мекемелеріндегі жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайындағы пәндік нәтижелерді критериалдық бағалау проблемалары" тақырыбымен Индер және Қызылқоға аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері Р.Даулетова мен Қ.Жарылғағановтың хабарламалары тыңдалды. НЗМ-нің ұстаздары өткізген "Критериалды бағалау оқушылардың табысты оқуының шарты ретінде" тақырыбындағы практикалық жұмыстар қатынасушылардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берді. Үйлестіру кеңесінің кезекті жұмысында БЖБ, ТЖБ, кері байланыс жүргізу тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді.