Атырау облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен мектеп оқушыларының облыстық Фариза оқуларына қатынасқан Индер ауданының оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Фариза ақын сөздеріне жазылған әндерді орындаушылардың "Не деген керемет ең..." бағамына қатынасқан Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің оқушысы А.Бауыржанова (жетекшісі Б.Бисенғалиев) мен "Өлең мен сені аялап өтем..." тақырыппен өткен Фариза ақын өлеңдерін жатқа оқушылар бағамына қатынасқан Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп оқушысы А.Муратова (жетекшісі Р.Кенжеғалиева) ІІ орын, "Жырым қалды жанымның ұшқынындай..." бағамымен өткен Фариза ақынға жыр арнаушы жас ақындар бағамына қатынасқан Махамбет атындағы орта мектептің оқушысы А.Бектасқызы (жетекшісі Н.Қыстаубаева) ІІІ орынға ие болды. Жүлделеріңіз құтты болсын, шәкірттер!!!!!