"Өнерімді еліме арнаймын" тақырыбымен Атырау облыстық білім беру басқармысы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өтіп жатқан облыстық көркемөнерпаздар байқауына Индер ауданы оқушылары әзірлеген концерттік бағдарлама "Индер-Мәдениет" үйінде 24 қараша күні өтті. Байқаудың іріктеу турына 16 ұжым қатынасып, жоғары деңгейдегі дайындықтарымен ерекшеленді. Өнер тұтынып тұрған өлке ұландары концерттік бағдарламаның барлық жанрлары бойынша таланттарымен танылды. Оқушыларды байқауға әзірлеген барлық жетекшілерге, мектеп басшыларына, балаларына әсем киімдерді тіккізіп, сахнаға әдемі етіп дайындаған ата-аналарға үлкен Алғыс айтамыз. Концерттік бағдарламадан соң сөз бөлім басшысы жүлделі орын алған ұжымдарды марапаттады. Байқаудың Бас жүлдесі - Қ.Абақанов атындағы орта мектеп, І орын М.Әуезов атындағы орта мектепке, ІІ орын: Қ.Есқалиев және Махамбет атындағы орта мектептерге, ІІІ орын: Гребенщик, Б.Нысабаев атындағы орта мектеп пен Өнер мектебінің ұжымына берілді. Өнерсүйер ұландарды тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз шығармашылықпен өрлей берсін, Ұстаздар!