М.Әуезов атындағы орта мектеп бойынша 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстан - 2050» стратегиясы және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында өткізілген апталықтың қорытындысы
2017-2018 оқу жылы
Мектебімізде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстан - 2050» стратегиясы және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында апталық өткізілді. Апталықтың жоспары жасақталып, бекітіліп, салтанатты лездеме ұйымдастырылды.
Апталықтың әр күнінде елбасына арналған лездемелер өткізіліп, оқушылар мерекелік құттықтаулар жолдап, ән-жырмен көркемдеді. Апталық барысында әрбір сыныпта сынып сағаттары өткізілді. 3 «в» сыныбында (сын.жет. Қ.Тайбалиева) «Елін сүйген Елбасы», 1 «а» сыныбында (сын.жет. А.Арыстанова) «Менің тұңғыш Президентім», 10 орыс сыныбында (сын.жет. С.Узакбаева) «1 декабря – День первого президента Казахстана», 4 «г» сыныбында (сын.жет. А.Сатканкулова) «Елім деп соққан жүрегі, алып тұлға - Елбасы», 6 «б» сыныбында (сын.жет. А.Букеева) «Менің президентім», 8 «в» сыныбында (сын.жет. А.Бексұлтан) «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», 5 «в» сыныбында (сын.жет. Н.Досанова) «Ел тірегі - Елбасы» тақырыбында т.б. сынып сағаттары өткізіліп, оқушылар ізденісі мен ұстаз еңбегі көрініс тапты.
«Өнерімді еліме арнаймын» атты мектеп оқушыларының қатысымен көркемөнерпаздар байқауы өткізілді. Байқау барысында дарынды оқушыларымыз әннен шашу шашып, би билеп, Елбасы жайында өз шығармаларын оқып, хорда ән салып, күмбірлете күй тартып, өнерлерін паш етті. Әділқазылар алқасының шешімімен таңдалған жас өнерпаздар аудандық байқауда өз бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды.
«Менің көзқарасым» айдарымен жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығынан сурет көрмесі ұйымдастырылып, жұмыстары көпке ұсынылды.
«Менің Президентім» тақырыбында эсселер байқауы өтіп, жеңімпаз танылған екі оқушының жұмысы аудандық сайысқа ұсынылса, қалған оқушы жұмыстары өз дәрежесінде тиісті орындарға ие болды.