Мектебімізде 27- 30 күндері аралығында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған іс – шаралар сыныптарда өткізілді.  Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт  жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу мақсаттарында сыныптарда көптеген тәрбиелік шаралар өткізілді. 2 – 4 сыныптарда (сынып жетекшілері: Г.Шанкиева, Ж.Науанова, А.Есқалиева) «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілсе, 5 сыныпта (сынып жетекшісы Г.Есқалиева) «Елбасы ұлт мақтанышы», 6 сыныпта (сынып жетекшісі Н.Бүркітбаева) «Менің мақтанышым – ел Президенті», 7 сыныпта (сынып жетекшісі Л.Тынымбаева) «Елбасы – ел мақтанышы», 8 сыныпта (сынып жетекшісі М.Аманжолова) «Көш басында Кемеңгер», 9-11 сыныптарда Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша интерактивті сабақтар «Туған жер –Туған ел» тақырыбында өткізілді. 30 желтоқсан күні «Ел тірегі -Елбасы» тақырыбымен мерекелік жиын өткізіліп, волейболдан мектеп оқушылары мен қызметкерлері арасында сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа 6 команда қатынасып, қорытындысымен «Жігер» командасы жеңіске жетті.


9 – 11 сыныптар арасында тарих пәнінің мұғалімі Г Есқалиева «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында танымдық сағат өткізсе, мектеп кітапханашысы С.Қуанышкереева  «Көш басында кемеңгер» атты мектеп дәлізінде  көрме жасақтады.