Президент күніне орай Индер ауданындағы Құрылыс ауылында Мұрат Мөңкеұлы атындағы орта мектептің жаңа ғимараты ашылды. 


Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ә.Нәутиев құттықтап, Индер ауданындағы апатты 3 мектептің де жаңартылғанын атап өтті. 

Атап айтқанда жаңа оқу жылының басында Ынтымақ пен Аққалада жаңа мектептің ғимараты ашылса, енді, міне Құрылыс ауылында да осындай қуаныш жалғасып отыр. 


Демеушілер атынан «Каспий құбырлар Концорциумы» АҚ атқарушы директоры М.Қарабалин, ауыл тұрғындарынан Т.Садиров құттықтау тілектерін білдірді. 


Жаңа ғимараттың символикалық кілтін құрылыс жұмыстарын атқарған «Бек и Ко» ЖШС директоры А.Елеуов мектеп директоры Р.Рыспаеваға табыс етті.