"1 желтоқсан - Тұңғыш Президент" күні мерекесіне орай Индербор кентіндегі Мәдениет үйінде мектеп оқушыларының "Өнерімді еліме арнаймын" тақырыбындағы концерттік бағдарламасы аудан халқына ұсынылды. Мектеп оқушыларының көркемөнерпаздар байқауы олардың өнер жолындағы алғашқы баспалдағы. Көп жылдардан бері елеусіз қалған осы бір шараның Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын тыңдап, жалғасын тауып жатқан игі шаралардың бірі.
Оқушылар өнерін тамашалауға келген аудан әкімі Серік Бисешұлы тамаша көңіл күй сыйлаған шара үшін балаларға, олардың ұстаздарына үлкен алғыс білдірді.Оқушылардың өнерге баулып, тәрбиелеген ұстаздардың еңбегі нәтижелі бола берсін. Концерттік бағдарламаға аудан мектептерінен 185 өнерлі өрен қатынасты. Осы шараны ұйымдастыру жұмысына жауапты болған барлық қызметкерлердің жоғары жауапкершіліктері үшін алғыс айтамыз.